ҚАЗ   РУС   ENG  

ШАБЫТ

Джозеф Кэмпбэлл

Мамандығың мен кәсібің көңіліңнен шықса, онда сен дұрыс таңдау жасағансың. Өзіңе ұнамайтын нәрседен шабыт ала алмайсың. Шабытың келсе, кез-келген жұмысты рахаттана істейсің, жұмысыңнан рахат аласың, оны шешу жолы түсінікті. Шабытыңды шақырғың келеді ме? Онда оқы, білімің мен кәсіби дағдыңды жетілдір, жұмысыңа тереңірек үңіл. Жоғары біліктілік белестеріне апаратын қажырлы еңбек «биік шыңдарды бағындыру» жолындағы құлшынысыңды арттырады.

ТАЛПЫНЫС

Сёрен Обю Кьеркегор

Әрбір қызметкер үздік нәтижеге жетуге, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі танытуға, білімнің жаңа қырларын тануға және өздігінен дамуға талпынады. Өмірдің ағысымен ғана жүзетін жігерсіз адам өзі де дамымайды, компанияны да дамытуға үлес қоспайды. Кәсіби өрлеу, қызметті жоғарғы үлгілер мен стандарттар деңгейінде орындау, шеберлікпен игеру – жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге деген сенімділікті арттырады. Біз әрқашан алға ұмтылып, жаңа белестерді бағындыруға талпынамыз.

БОЛЖАУ

Анатоль Франс

Табысқа жетудің басты жолы – оны болжау. Істің, бизнестің, кез-келген бастаманың табысты болуына деген толық сенімділік өз-өзіңе, білімің мен қабілетіңе, идеяң мен өз командаңа сенуге негізделген. Еңбек ете отырып, біз нәтижеге қол жеткізуге ұмтыламыз және алға қойған жобаларымыздың жүзеге асатындығына сенімдіміз. Табысқа ұмтыла отырып, біз бар назарымызды қол жеткізгенімізге емес, неге қол жеткізгіміз келетіндігіне аударамыз.

ЖЕТІСТІК

Джим Рон

Біз сәтсіздіктерден қорықпаймыз, өйткені жеңіліссіз жетістікке жету мүмкін емес. Біз қателіктерден сабақ аламыз, бизнесіміз табысты болуы үшін тәжірибе жинаймыз. Біз кішігірім жетістікті де бағалаймыз, себебі ол үлкен қадамға апаратын кезекті қадам. Біз оңай жетістіктер мен арзан мақсатты қанағат тұтпаймыз, жұмысты үздік атқаруға тырысамыз, жоғары нәтижеге қол жеткізе отырып, жетістікке жеткенімізге шаттанамыз. Жеткен жетістігіміз сенімділік пен шабыт береді.

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ