ҚАЗ   РУС   ENG  

Брендинг

Брендинг, креатив және дизайн – сауда белгісінің жетістігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, оны нағыз брендке айналдыратын кез келген компанияның ажырамас атрибуттары. Себебі брендинг – бұл құрамына нейминг, корпоративтік стильді қалыптастыру, дизайн мен креативті жарнамалық тұжырымдамалар, брендбукті құру және компанияның имиджін қалыптастыру кіретін кешенді іс-шаралар.

Фирмалық стильді әзірлеу дегеніміз фирмаға қатысы бар барлық объектілердің (өнімдер, қаптамалар, тауарлар, үй-жайлар, жабдықтар, құжаттамалар, жарнамалар, киімдер және т.б.) сыртқы түр-сипатының біртұтастығын қалыптастыратын элементтердің (белгілі бір графикалық объектілер және қаріптік шешімдер) жиынтығын және ұштастырылуын білдіреді.

Фирмалық стильдің өзі кез келген қазіргі заманғы компанияның басты жарнамалық және маркетингтік аспаптарының бірі болып табылады және компанияның нарықтағы беделінің және танымалдылығының өсуіне септігін тигізіп, оның тұтынушылармен жарнамалық байланыстарының тиімділігін күшейтіп, серіктестерінің сенімін тудыруы қажет.

Бүгінгі таңда Сіздің сауда белгіңіздің басқа сауда белгілері арасында жоғалмай, бірегей Бренд болуы маңызды!

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ