ҚАЗ   РУС   ENG  


Басқа тілдер

«Асыл Асет» Агенттігі араб, қытай, неміс, түрік және француз тілдері курстарын ұсынады. Бұл курстар тілді игерудің кез келген – бастапқы деңгейден бастап жоғарғы деңгейіне дейін арналған.

Сабақтардың тиімділігі үшін біз 5-10 адамнан тұратын шағын топтар құрамыз. Оқытушы әрбір адамға жеке көңіл бөле алады, сондай-ақ топтық сабақтар тілдік кедергіден өтуге және шет тілінде тезірек сөйлеуге көмектеседі.

Шет тілін игеру дегеніміз – тек сөздікпен оқып қана қоймай, сондай-ақ шет тіліндегі сөздерді қабылдай білу, өз ойыңды еркін жеткізу болып табылады. Егер Сіз үшін шет тілінде сөйлеу ешқандай психологиялық қиындық туғызбаса, сөздік қорыңыз жеткілікті болса және жаңашыл лексиканы меңгерген болсаңыз, онда Сіз кел келген жағдайда сасқалақтамайсыз, такси жүргізушісімен де, жұмыстағы басшыңызбен де, сондай-ақ университеттегі ғылыми жетекшіңізбен де түсінісе аласыз.

Соңғы уақыттарда шет тілін үйрететін көптеген мектептер мен курстар пайда болуда, осылайша, тілді игеру үшін мол мүмкіндіктер ұсынылуда. Алайда білім беру мекемесін таңдау барысында Сіз ескеруіңіз керек біршама факторлар бар, атап айтқанда: оқыту әдістемесі, оқытушылардың біліктілігі, ұйымдастыру сапасы, заңи және қаржылық құжаттар, рұқсат қағаздың бар болуы, материалдық-техникалық жарақтандыруылуы, курс аяқталғаннан кейін берілетін құжаттар, сондай-ақ қазіргі уақыт пен болашақта ұсынылатын жеңілдіктер. Қалай дегенмен де таңдау Сіздің қолыңызда.

Өзіңіз үшін ең үздігін таңдаңыз! Сізге Табыс тілейміз!

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ