ҚАЗ   РУС   ENG  


Корпоративтік

 

Ағылшын тілінің корпоративтік курстары топтық (топта кемінде 5 адам) сабақтар түрінде өтеді. Оқу тобы алдын ала сынақтама қорытындылары бойынша құрылады.

Ағылшын тілінің корпоративтік курстары бағдарламасы Macmillanәдебиетініңоқу базасына негізделген және компанияның қызмет көрсету бағытын ескере отырып құрылады.

Топтық сабақтар не Сіздің компанияңыздың кеңсесінде не біздің агенттіктің оқу бөлмелерінде, жексенбіден өзге, аптаның кез келген күні сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін өткізілуі мүмкін. Тыңдаушылар ағылшын тілін игеру деңгейлеріне сәйкес топтарға бөлінеді. Курс аяқталғаннан кейін біз сертификат береміз.

Егер Сіздің компанияңызға белгілі бір, мысалы: банк ісі, мұнай-газ саласы, құқықтану, авиация және т.б.  аясы тар мамандандырулар бойынша ағылшын тілінің кәсіптік-бағдарланған курстары қажет болса, онда біз сіз үшін Ұлыбритания және басқа ағылшын тілді елдердің тиісті сала мамандарының, төл тілді тасымалдаушылардың сабақ берулерін ұйымдастыра аламыз.

Сіздің компанияңыздың қызметкерлері үшін Агенттікте оқуға өтінім беру немесе қосымша ақпараттарды алу үшін өтінім үлгісін толтырып, өтінімде өзіңізді қызықтыратын барлық позицияларды белгілеңіз. Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі біздің қызметкерлеріміз телефон немесе e-mail бойынша сізбен байланысады.

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ