ҚАЗ   РУС   ENG  


Macmillan туралы

MACMILLAN баспасының 150 жылдан артық баспа тәжірибесі бар және ағылшын тілін үйренуге арналған материалдарды шығаратын әлемдік жетекші баспалардың бірі болып табылады.

Оксфордта құрылған және әлемнің 40 астам елдерінде қызмет ететін компания барлық деңгейдегі оқытушылар мен шәкірттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары сапалы оқу құралдары мен қосымша материалдарды әзірлей отырып, алдыңғы қатарлы оқытушылар мен әдіскерлермен жұмыс істейді. Ғылымның әр түрлі салалары бойынша академиялық және оқу әдебиеттері, сөздіктер мен анықтамалықтар, ғылыми-көпшілік журналдар, деректі және көркем әдебиеттер, монографиялар басылып шығады.

Теориялық оқыту тәжірибесін кеңейту үшін Macmillan баспасы он-лайн қызметтер саласын ойлап тапты. Macmillan веб-сайттары ағылшын тілінің оқытушылары үшін жоғары сапалы оқыту құралдарын, сабақ жоспарларын, практикалық ой салғыш оқу құралдарын және әр түрлі ойын-жарыстарды тегін ұсынады.

Өкілдікте сіз баспаның жаңа оқу-әдістемелік әдебиеттері басылымдарымен танысып, баспаның оқу құралдарымен жұмыс жасау жөнінде әдіскерлердің кеңестері мен нұсқауларын, тегін қосымша материалдарды және баспаның оқу құралдарының тізімдемесін ала аласыз.

Асыл Асет Агенттігі Macmillan баспасының Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстандағыресми дистрибьюторы болып табылады.

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ