ҚАЗ   РУС   ENG  


Ағылшын тілі

Ағылшын тілі курсының бағдарламасы MACMILLAN баспасының оқу материалдарына (Оксфорд бағдарламасы) негізделген. Курстың негізі – британ ағылшын тілі, ол грамматиканы, лексиканы, жазу және айтылу ережелерін тереңдетіп оқу үшін негізгі үлгі болып табылады.

Курсты ұйымдастыру әрбір курсантқа оқылатын тілдің бастапқы деңгейінен бастап жоғарғы деңгейіне дейін жеке және жан-жақтылық тұрғыдан қарауға негізделген.

Әрбір курстың әрбір шәкіртке жеке-жеке берілетін өз оқу әдебиеті бар; оның бағасы төлемақыға кіреді және курс аяқталғаннан кейін әдебиет кері қайтарылмайды. Оқытушылар қосымша материалдарды көптеп қолданады. Бұған қоса агенттік оқушыларды сабаққа қажетті барлық шығыс материалдарымен қамтамасыз етеді.

Сабақтарды білікті ағылшын тілі оқытушылары жүргізеді, олар өз сабақтарында жаңашыл коммуникациялық әдістемелерді және аудиоқосымшалары бар үздік ағылшын тілі оқулықтарын қолданады. Бұл бағдарламалар барлық тілдік машықтарды: ауызша сөйлеуді, ағылшын тілін есту арқылы қабылдауды, оқу және жазуды бір мезгілде дамытуды ұсынады.
 

Ағылшын тілі курстары Macmillan оқу құралдарының негізінде өткізіледі. Аталған курстар ағылшын тілін үйренуге арналған қысқартылған қарқынды курстар ретінде арнайы құрылған. Сабақтар сізге қолайлы уақытта және алдын ала келісілген кесте бойынша өткізіледі. Сабақтардың қарқындылығы – 2 академиялық сағат бойынша аптасына 3 рет. Бірінші деңгей 3 ай мерзімді құрайды және 80 академиялық сағатты қамтиды, яғни толық 40 сабақ. Егер қандай да бір себептер бойынша сабақ өткізілмесе (мысалы: мейрам күні), онда сабақ топпен алдын ала келісім бойынша басқа күнге ауыстырылады немесе курстың соңында қосымша өткізіледі.
Сабақтарды тіл үйрететін ЖОО-ның оқытушылары өткізеді, ал семинарлық сабақтарға төл тілде сөйлеушілер тұрақты шақырылып отырады.

 

 Біздің клиенттер және серіктестер
Assyl Asset Agency © 2002-2024 Copyright
БАСТЫ КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ТАПСЫРЫС ОРНАЛАСТЫРУ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР БАЙЛАНЫСУ